Шығыс Қазақстанда қар күреп жүрген адам көпқабатты үйдің шатырынан құлап кетті.
Оқыс оқиға Алтай ауданында болған. 33 жастағы ер адам төрт қабатты тұрғын үйдің төбесін қалың қардан тазалау үшін шатырға шыққан. Бір мезетте аяғы тайып, төмен қарай құлап кеткен. Ол сәтті қарама-қарсы үйдегі адамдар телефонға түсіріп үлгерген. Полиция мәліметі бойынша, биіктен құлаған адам ешқандай жарақат алмаған. Ауруханаға бармақ түгілі біраздан соң қар күреу үшін сол үйдің шатырына қайта шығыпты.
Берік Көшербай