Тәуелсіздік шежіресі: 1995 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік шежіресі: 1995 жыл

21.03.2021

1993 жылы банкнот фабрикасының құрылысы басталған, 1995 жылы аяқталды. Ресми ашылуы 19 мамырда болды. Стратегиялық нысанға журналистер де кірді, Н.Назарбаев Қазақстанға басылып шыққан алғашқы миллион теңгені көрсетті. 

1995 жылы күзде жаңа салық түрі – акциз енгізілді. Акциз енгізілген тауар түрі көп. Дегенмен қарапайым адамдар үшін ол, арақ құйылған бөтелкеге жапсырылған қағаз тілім. Ішімдік нарығын реттеу үшін салынған акциз белгісін лицензиясы бар зауыттар ғана пайдалануы керек еді. Бұған суға спирт қосып сататындар мұртынан күлді. Қытайдан қолдан арақ құюға қажет құралдар ғана емес, ациздік маркалар келе бастады, сөйтіп бірінші контрафакт акциздер пайда болды.   

1995 жылдың ең үлкен оқиғасы – Конституциялық соттың наурыздың алтысында 13-ші шақырылған Жоғарғы Кеңесті таратуы еді. Татьяна Квятковскаяның шағымы бойынша. Сайлауға түсіп, одан өтпеген журналист сотқа шағымданып, дауыс дұрыс саналмады деген дәлел табады-мыс. Аштық жариялаған депутаттар да болды. Бірақ бұдан түк шықпайды. Татьяна Квятковскаяның өзі мемлекеттік қызметтерде қалады...

Жыл соңына дейін елімізде парламент болмайды, осы кезде Халық ассамблеясы құрылды. Кеңесу органы заң шығару функцияларын орындап, екі референдумға ұсыныс жасайды. 1995 жылы сәуірдің 29-да қазақстандықтар Н.Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзартады, ал тамыздың 30-да жаңа Конституция қабылданады. Ол бойынша республика президенттік басқару жүйесіне көшеді. 

1995 жыл бойынша мен тоқталатын тағы бір штрих – қыркүйекте республикамыздағы жалғыз алюминий зауыты Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтары Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов және Александр Машкевичке сатылды. Ал Қарағанды металлургия комбинаты бір жыл ішінде үш қожайын ауыстырып, ақыры жыл соңында Үндістан бизнесмені Лакшми Миттал алады.    

«Тәуелсіздікке 30 жыл» айдары. 1995 жыл. Нұрлан Асқардың кезекті материалы. 

Тәуелсіздік күні

Хабарламаларға жазылу