Еліміздің банктері былтыр 3 миллион теңге жалған ақшаны айналымнан шығарған. Мыңға жуық купюраның басым бөлігі 2 мың теңгелік. Ал 37 пайызы 5 мың теңгелік. 10 мыңдық банкнотты ұстап тексеретіндер көп болған соң ба, ол аз жасалған. Ұлттық банктің хабарлауынша анықталған жалған ақша алдыңғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Мәселен 2019 жылы қаржы ұйымдарына жұрт 6 миллион теңге жалған ақша алып келген. Олардың дені алматылықтар. Ең көп дерек сонда тіркеліп отыр.
Айта кетейік, бұл тек банктердің анықтаған жалған ақшасы. Ал құқық қорғау органдары әшкере етіп, көзін жойған банкноттар жүздеген миллионмен саналады.
Досжан Маратұлы