Шетелде демалып қайтқан қазақстандықтардың 80 пайызынан коронавирус анықталды. Олардың дені Мысыр, Түркия, Біріккен Араб Әмірлігінен келгендер. Енді, туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакетінің құнына кіргізіледі. Індетті тежеу шаралары ведомствоаралық комиссияда қабылданды. Демек, бұдан былай ПТР анықтамасы жоқ туристер Қазақстанға кіре алмайды.
Нысаналы Ығыл