Елімізде «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы қызу талқыланып жатыр. Президент пәрменімен әзірленген құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатына негізделген. Жаңашылдық аясында азаматтар қандай мекемелердің жұмысына араласа алады? Дарын Сағитов тарқатады.
Заң әуелі мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етеді. Мұндай құжат қазір ТМД елдерінің ішінде тек Ресей мен Өзбекстанда бар. Жобаны жасауда АҚШ пен Ұлыбританияның тәжірибесі ескерілген. Дегенмен, біз үшін де таңсық емес. Себебі бақылаудың тетіктері енгізілген елімізде 19 заңнамалық акт бұрыннан бар.
Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Негіздемелік сипаттағы заңнама «Қоғамдық бақылау туралы», осы барлық заңдардағы механизмдерді біріктіріп, бір нақтылық береді». 02.54+03.19 Әлі күнге шейін талқылау үстінде. Осы уақытқа дейін 16 диалогтың алаң құрылып, талқылау өтті.
Бақылауды кез келген азамат немесе коммерциялық емес ұйым жүргізе алады. Тек алдын ала басшылыққа жазбаша ескерту жасау қажет. Алайда, мекемені жарты жылда бір-ақ рет бақылауға рұқсат етіледі.
Тәңірберген Бердоңғаров, қоғам белсендісі:
Бюджет қаржысының орынды жұмсалуы – әрқайсымызға байланысты. Қандай да бір заң бұзушылық болса, кез-келген азамат шарасыздық таныта алмайды. Заң аясында мәселенің шешілуіне ықпал етеді. Сондықтан, бұл заң бізге аса қажет.
Бақылауды жалғыз адам жүргізе алмайды. Топ құрамында тиісті саладан хабары бар маман болуы шарт. Шектеу де бар. Жазасын толық өтемегендер, психиатр мен наркологта есепте тұрғандар бақылауға қатыса алмайды.
Болат Тілепов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:
Жеке кәсіпкерлердің, басқа да нарық субъектілеріне қоғамдық бақылау жасалмайды. Атап айту керек, мемлекеттің қатысуымен жұмыс істеп жатқан барлық ұйымдарға қатысты дүние.
Қадағалау, мониторинг және сараптамаға негізделген заң жобасы әлі де талқыланады. Ұсыныс тілек көп. Қайшылықтар да бар. Жетілдірілген құжат маусым айында Мәжіліс қарауына жіберіледі.
Дарын Сағитов