Артур Бетербиев пен Адам Дайнес кездесуі тікелей эфирде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Артур Бетербиев пен Адам Дайнес кездесуі тікелей эфирде

19.03.2021
Артур Бетербиев пен Адам Дайнес кездесуі тікелей эфирде

«Qazsport» телеарнасы 20 наурызда Мәскеуде өтетін кәсіпқой бокс кешін тікелей эфирде көрсетеді. Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы WBC и IBF тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, ресейлік Артур Бетербиев (15-0-0, 15 KO) пен үміткер, неміс боксшысы Адам Дайнес (19-1-1, 10 KO) кездеседі.

15 жекпе-жектің барлығын нокаутпен ұтқан Бетербиев шаршы алаңға ұзақ үзілістен кейін оралып отыр. Ресейлік боксшы соңғы рет 2019 жылдың қазан айында жұдырықтасып, украиндық Александр Гвоздикті техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ал Адам Дайнес 2019 жылдың жазында қытай боксшысы Фаньлунг Мэнгке есе жіберіп, карьерасында алғаш рет жеңіліске ұшырады.  

Бокс кешінің андеркардында жартылай орта салмақтағы бұрынғы Әлем чемпионы, ресейлік Александр Беспутин өнер көрсетеді. 

 Кәсіпқой бокс кеші «Qazsport» телеарнасында тікелей эфирде 20 наурыз 23:00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады.

бокс Qazsport

Хабарламаларға жазылу