Түркістан облысы ең кедей өңір ретінде тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысы ең кедей өңір ретінде тіркелді

19.03.2021
Түркістан облысы ең кедей өңір ретінде тіркелді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылдың IV тоқсанда үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін халықтың үлесі (кедейлік деңгейі) 4,6%-ды құрады. Бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,8 пайызға көп.

Кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында тіркелген. Табысы күнкөріс деңгейінен төмен жергілікті тұрғындардың саны 10,3%-ды құрайды. Үштік қатарына Солтүстік Қазақстан облысы (5,8%), Маңғыстау облысы (5,7%) кіреді. Ал кедейшіліктің ең төменгі деңгейі Нұр-Сұлтан қаласында - 1,5%. 

Сарапшылар сондай-ақ былтырғы IV тоқсанында халықтың 10%-нан ең көп және ең аз қамтамасыз етілгендердің шығындарын салыстырды. Талдау көрсеткендей, ең кедей қазақстандықтар айына бір адамға тамақтануға орташа есеппен 15 978 теңге жұмсаған. Ал ең бай адамдар үшін бір тұтынушыға орташа есеппен 75 535 теңгені құрады. Ең аз қамтамасыз етілгендер ай сайын азық-түліктік емес тауарларға 5 449 теңге, ал бай топтан шыққандар 43 539 теңгені жұмсаған.

кедейлік деңгейі Ұлттық статистика бюросы

Хабарламаларға жазылу