Өткен тәулікте коронавирустан 10 адам көз жұмды. 1264 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 229217-ге жеттi.
Соңғы тәулікте 749 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 209630. Қайтыс болғандар - 2891.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 20 237 адам ем қабылдап жатыр. 250 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 50 адам дертке шалдыққан. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 50003 адамға пневмония диагнозы қойылды. 45803 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 659.