Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы жинақ жарық көрді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды. Бірінші және екінші кітап пандемияны еңсеру, экономикалық өсімді қалпына келтіру мен халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы тұшымды ой-пікірлерді қамтиды. Үшінші томда Президенттің отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мақалалары мен сұхбаттары топтастырылған.
Дарын Сағитов