Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Ол Президентке былтыр атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Комитет басшысының айтуынша, бюджет қаржысын тиімсіз жоспарлауға және жұмсауға байланысты заң бұзушылықтар 1,5 есе, қаржылық заң бұзушылықтар 2 есе артқан. Осығаан орай Қасым-Жомарт Тоқаев комитетке мемлекеттік аудитті жетілдіруге қатысты бірқатар тапсырма берді.
Дарын Сағитов