Мемлекеттік бюджетке екі айда 1,39 трлн теңге салық түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік бюджетке екі айда 1,39 трлн теңге салық түсті

17.03.2021

Бірақ былтыр осы кезеңмен салыстырғанда салық түсімі 12%-ке азайған. Оның ішінде республикалық бюджетке түскен міндетті төлем 852 млрд теңгеден асады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,5%-ке аз. Дегенмен Кірістер комитетінің хабарлауынша, биылға белгіленген жоспар асыра орындалған. Бұған мұнайға салынған экспорттық баж салығының 55 доллардан асуы себеп. Сонымен бірге, күміс, алтын, уран, мырыш бағасының қымбаттауы әсер еткен. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу