14 жасқа дейінгі балалар туристік аймақтарға тегін ұшуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

14 жасқа дейінгі балалар туристік аймақтарға тегін ұшуы мүмкін

17.03.2021

14 жасқа дейінгі балалар енді ел ішіндегі туристік аймақтарға тегін ұшуы мүмкін. Қазір «KIDS GO FREE» бағдарламасы Сенат қарауында. Ол «туристік қызмет туралы» заң қабылданған соң күшіне енеді. Үкімет билет құнын субсидиялау арқылы ішкі туризмді дамытып, әрбір отбасы үшін демалыс бағасын 30 пайызға арзандатуға мүмкіндік бермек. Бағдарламаға қатысу үшін туристік фирмалардан кемі 5 күнге жолдама сатып алу қажет. Сонымен бірге тек қонақ үй, лагерь, туристік база, демалыс үйі немесе пансионатта жайғасуыңыз шарт.

Ақерке Бектас


Хабарламаларға жазылу