Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойын атап өту басталды. Наурыз мерекесі қарсаңында, Қазақ радиосының тікелей эфирінде жеті елдің қатысуымен «Наурыз-2021» Халықаралық радиокөпірі өтті. Радиокөпірге Иран, Түркия,Әзірбайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан радиоарналарының басшылары мен тілшілері қатысты. Халықаралық эфир қатысушылары Қазақ радиосының ұжымы мен тыңдаушыларын радионың 100 жылдық мерейтойымен және ортақ мереке Наурыз мейрамымен құттықтады. Үш сағаттық тікелей эфирде Наурыз мерекесін атап өтудіңәр елдегі ерекшеліктері жайлы пікір алмасып, ұлттық туындылар тыңдаушы назарына ұсынылды.
Ернұр Бурахан, «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры:Бүгін Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында 8 мемлекеттік радиоарнаның қосылуымен,одан бөлек тоғызға жуық халықаралық ұйымдардың қосылуымен осындай радиокөпір ұйымдастырып отырмыз. Ондағы мақсатымыз осы Наурыз тойлайтын халықтардың әдеби, мәдени жауhарымен бөлісіп, сол мемлекеттердегі мәдениетін, Наурызды қалай тойлайтыны жөнінде тыңдаушы қауыммен ақпарат бөліссек деген ойдан туып отыр
Ақмаржан