Петропавлда жарылыс болған жатақхана тұрғындары үйлеріне орала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда жарылыс болған жатақхана тұрғындары үйлеріне орала алмай жүр

17.03.2021

Петропавлда газ жарылған үйдің тұрғындары баспаналарынаәлі орала алмай жүр. Қала әкімдігі жөндеу жұмыстары ақпан айының соңында аяқталады деп уәде еткен еді. Алайда, одан бері бірнеше апта өте шықты, 11 отбасы ғана үйлеріне кірген. Қалған 92 бөлменің қашан жөнделіп бітетінін әкімдік өкілдері де айта алмады.

Естеріңізге сала кетейік, ақпанның 21 де көпқабатты үйдің астында орналасқан дәмханада газ баллоны жарылып, үш адам қаза тапқан болатын. Зардап шеккен тұрғындар университеттің жатақханасына орналастырылды. Уақытша баспанада әлі тұрып жатқандар қыстың көзі қырауда жағдай жасамаған әкімдікке наразы.

Жұмабике Сайфуллина, тұрғын:
Жатақхана суық. Киіммен жатамыз. Сулар уақытында бермейді.
Сәуле Бақтыбаева, тұрғын:
Бір ай болды екі ортада жүрміз. Дүниеміздің барлығы шашылып қалды.

Жатақхана тұрғындарына әкімдік 290 мың теңге көлемінде өтемақы тағайындаған болатын. Алайда, жұрт істен шыққан дүние –мүлік , бала-шағаның жарамсыз болып қалған киім кешегін бүтіндеу үшін бұл қаржы жетпейді дейді.

Асқар Хабибулин, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:
Заң бойынша 290 мың беріледі. Бірақ та одан көп бере алмаймыз.

Сағындық Сәбитұлы

Хабарламаларға жазылу