Еуропада AstraZeneca вакцинасынан бас тартқан елдер саны 13-ке жетті. Олардың қатарына өткен тәулікте Швеция мен Латвия қосылды. Оксфордтық екпені салуды осыған дейін Германия, Франция, Италия тәрізді ірі мемлекеттер де тоқтатқан еді.
Олардың мұндай шешім қабылдауына Еуропада осы вакцинадан ондаған адамның қаны ұйып қалуы себепші. Алайда, препаратты шығарған компания бұл жағдайға дәл осы иньекцияның себеп болғанына дәлел жоқ дейді. Швециялық мамандар болса, бұл екпенің жанама әсерін сезінгендер азаяды деп үміттеніп отыр.
Андерс Тегнелл, эпидемиолог:
Болған оқиға сол – вакцинаны қабылдаған адамдардың қаны ұйып жатыр. Дегенмен, жедел жүргізілген сараптамалар екпе салдырған тұрғындардың әзірге аз екенін көрсетіп отыр. Болашақта препараттың жанама әсерінен зардап шеккендер көбеймейді деп үміттенеміз.
Арыстан Рысбек