Шымкентте тойға жиналған бір топ жігіт мылтық пен тапаншадан аспанға кезек-кезек оқ атып, елдің үрейін алды.
Айқайға басқан топ әрекеттерін өздері ұялы телефонға түсірген. Белгілі болғаны олар Алматы қаласынан Шымкентке тойға келген. Барлығының аты-жөні мен дерегі анықталды. Оларға қатысты бұзақылық қылмысы бойынша іс қозғалды. Полицейлер оларды ішкі істер органына жеткізу үшін Алматыға әкетті.
Ғани Қалмаханов