Жер сатуға тыйым салуды қарастыратын заң жобасы Мәжілісте қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сатуға тыйым салуды қарастыратын заң жобасы Мәжілісте қабылданды

17.03.2021

Жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын мәжіліс қабылдап алды. Жобаның мақсаты - шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, шетелдік қатысуы бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ ауылшаруашылығының халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарына жеке меншік құқығы негізінде және уақытша жер пайдалану құқығындағы жер учаскелеріне иелік етуге тыйым салу. Аграрлық мәселелер жөніндегі комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдауға және ол бойынша қорытынды дайындауға дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге Қазақстандағы ауылшаруашылық жерлерін сатып алуға немесе жалға алуға шұғыл тыйым салу туралы бұйрық берген болатын. Мемлекет басшысы мұны Президенттің заңнамалық бастамасы тәртібімен жасалу керектігін айтты.

Асима Нұрбайқызы

заң

Хабарламаларға жазылу