Көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер енді QR-код арқылы тіркеледі

16.03.2021

Егер саудагер тауар үшін төлемді банк картасымен қабылдаудан бас тартса, фискалды чек берілмесе, алкоголь өніміне лицензия болмаған жағдайда сіз ұялы телефонының көмегімен QR-код арқылы саудагер туралы ақпаратты пайдаланып, Кірістер органдарына шағым жібере аласыз. «Шолып тексеру» деп аталатын жоба көлеңкелі экономиканың үлесін азайту үшін іске қосылмақ. Комитет мәліметінше, штрих-кодты жабық базарларда, сауда үйлерінде, дүкендерде сауда жасайтын кәсіпкерлер алуға тиіс. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу