Алматыда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан бір адамды емдеу үшін 930 мың теңге бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан бір адамды емдеу үшін 930 мың теңге бөлінеді

16.03.2021

Алматыда коронавирустың ауыр түріне шалдыққан бір адамды емдеу үшін шамамен 930 мың теңге бөлінеді.  Ал орташа жағдайдағы науқастар үшін 450 мың теңге қаржы жұмсалады. Бұл туралы қаланың бас дәрігері хабарлады. Оның сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігі бөлген қаражат науқастарға толық жеткілікті. Ол дәрігерлер мен медбикелердің жалақысын төлеуге және дәрі-дәрмектер мен қажетті жабдықтар алуға жұмсалады. Айта кетейік, қазір шаһарда 1200-ден астам адам стационарлық ем алып жатыр. 13 науқастың жағдайы өте ауыр. Осылай деген қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы 13 наурыз күні ұшақ апатынан зардап шеккен ҰҚК қызметкерлерінің жағдайына да тоқталды.

Нариман Табынбаев, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Науқастардың өміріне төнген қауіп сейілді. Екеуінің де денесінде күйік бар. Жарақаттары ауыр. Белгілі бір кезеңдерден өтуі керек. Сондықтан, асқыну болуы мүмкін. Өз тарапымыздан қаладағы ең білікті реаниматолог, травматолог, хирургтерді жұмылдырдық. Жағдайлары жақсаратынына сенеміз.


Хабарламаларға жазылу