Оқиға Іле ауданында болған. Адам өлтіру фактісін Алматы облыстық Ішкі істер департаменті растады. Сондай-ақ, аудандық Ішкі істер басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде 17 жастағы азаматты ұстағандарын мәлімдеді. Қазіргі таңда тергеу жұмыстары жүруде.
Әйгерім Көппаева, Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:
- ҚР ҚК 99-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Яғни, адам өлтіру деген. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, Іле аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторында ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қамаққа алынды.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.