Елімізде 76 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.
«Биыл 1 ақпаннан бастап коронавирус инфекциясына қарсы вакцина егу шарасы басталды. Бүгінгі күні вакцинация жүргізу үшін 347 егу пункті жұмыс істеді, 76 188 азамат екпе алды. Наурыз айының соңына дейін сәуір айынан бастап жеткізілім көлемінің едәуір артуымен 180 000 доза вакцина жеткізіледі деп күтілуде. Сәуір айынан бастап халықтың осал топтарын (созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және халықтың басқа да топтары) вакцинациялауды бастау жоспарланып отыр», - деді министр.