Айналымнан шығарылған банкноттарды қалаған уақытыңызда асықпай жаңасына ауыстыра аласыз. Ұлттық банк ескі ақшаны ауыстыру үшін берілетін мерзімді мүлде алып тастады. Бұған дейін 2006 жылы шыққан бонкоттарды ақпан айына дейін ауыстыруға уақыт берілген. Бірақ, мерзімді алып тастау туралы тұрғындар мен депутаттар тарапынан ұсыныс көп болды дейді Ұлттық банк төрағасы. Сол үшін осындай шешім қабылданған. Айта кетейік, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Дания және Швейцария елдерінде де ескі банкноттарды ауыстыруға берілетін мерзім жоқ.
Досжан Маратұлы