Алматыда қалың қар қала жұртын әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қалың қар қала жұртын әбігерге салды

15.03.2021

Алматыда бірнеше күн қатарынан жауған қалың қар қала тұрғындарын әбігерге салды. Күн күрт суытқаннан жердің бәрі көк тайғақ мұзға айналған. Кесірінен екі күннің ішінде жарақаттанған адамдардың саны артып, жол-көлік оқиғасы жиіледі. 

Бірнеше күн көктемнің жылы лебін сезген алматылықтар бір сәтте әбігерге түсті. Тұрғындар мегополистің әр бұрышында болған жол-көлік оқиғаларының видеоларын таратып, жолда абай болуға шақырды. Осы көктайғақтың кесірінен Сүйінбай даңғылында екі келіншекті көлік қағып кетті. Абырой болғанда, екеуі де аман.

Көктайғақ салдарынан қала ішінде қатынас қиындай түсті. Екі күннің ішінде жол-көлік оқиғасы жиілеп, тайып құлап жарақат алғандардың саны артқан.

Ашур Гусейнов, қалалық №7 клиникалық ауруханасының дәрігер-травмотологы: 
Аяқ, қол жарақатымен егде жастағы кісілер көп келуде.  Жарақат бөлімшесіне келген науқастардың саны 53 науқас болды.

Казгидромет мамандарының мәліметінше, ауа райының қолайсыздығы әлі сақталады. Алдағы 2-3 күнде жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Нұрхан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу