Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам ажал құшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам ажал құшты

15.03.2021

Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 4 адам көз жұмды. Оқыс оқиға бүгін түске таман болған. Ас бөлмедегі 27 литрлік газ баллонынан ақау шығып, жойқын жарылыстан үйдің төбесі опырылып түсті. Өрт сөндірушілер үйінді астынан төрт мәйітті шығарды. Оның екеуі - бір отбасының мүшелері. 20 мен 22 жастағы жас жұбайлар. Ал екеуі апалы сіңілі туыстар болып шықты. Жарылыстың қатты болғаны сонша, көршілердің бірі басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Қайғылы жағдайға әкеп соқтырған апаттың себебі анықталып жатыр

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу