Ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер ұлттық киім кие бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер ұлттық киім кие бастады

15.03.2021

Ақмолалық мемлекеттік қызметкерлер көпшілікті жұмысқа ұлттық киіммен келуге шақырады. Наурыз мерекесіне орай, аймақта осындай бастама қолға алынды. Оған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасы мұрындық болды. Мекеме қызметкерлері өткен аптадан бері жұмысқа ұлттық нақышта тігілген киім кие бастады. Олар бұл бастаманы челленджге айналдырды. Бүгінде музей, кітапхана, театр сынды мәдени ошақтардың және бірнеше мемлекеттік мекеменің ұжымдары бастаманы қолдай кетті.

Айгүл Сәбитова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы:
Бір аптаның ішінде, міне, жұмысқа ұлттық киіммен әдемі болып келіп жүрміз. Ол енді бір өте ыңғайлы, жақсы. Енді қыз-келіншектер күнде әртүрлі қамзолдарды киеді. Қамзолдары соншама әдемі, түрлері де түсі де. Жыл бойы әріптестеріміз ұлттық киіммен жұмысқа келеміз десе, еш кедергі жоқ.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу