Қостанайлық кәсіпкерлер «Ashyq» жобасы енгізілуін сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайлық кәсіпкерлер «Ashyq» жобасы енгізілуін сұрайды

15.03.2021

«Ashyq» - пандемия жағдайында бизнесті сақтап қалуға мүмкіндік беретін бірден бір жоба. Сондықтан оған біздің өңірді де қосуды сұраймыз». Қостанайлық кәсіпкерлер осылай дейді. Әзірге бұл пилоттық жоба Алматы және Нұр – Сұлтан қалаларында жүзеге асырылып жатыр. Қостанайда қазір қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілгенімен, караоке бар, боулинг тәрізді ойын сауық орындары әлі жабық. Бір жылдан бері тұрақты табыстан қағылғандықтан кәсіпкерлер шығынға батып, жұмыскерлерін де барынша қысқартқан. Сондықтан олар «Ashyq» жобасын аймаққа енгізу туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына хат та жазған.

Бақыт Бейісова кәсіпкер:
Енді «Атамекен» өздерінен жоғары жаққа біздің осы өтінішімізді жеткізеді деп ойлаймын. Егер екінші кезеңге кірсек жұмысымыз жандана ма деген үміт бар. Бір жылдан бері жұмыс істемеу өте қиын. Мысалы менің өзімде 47 адам болды. Соның алтауы ғана қалды қазір. Қалғандары ешқандай жұмыс істеп жатқан жоқ.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу