Өскеменде екі жұмысшы тірідей өртеніп кете жаздады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде екі жұмысшы тірідей өртеніп кете жаздады

26.09.2018

Өскеменде коммуналдық мекеменің 2 жұмысшысы тірідей өртеніп кете жаздады. Олардың денесінің жартысынан көбін күйік шалған. Қазір қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, екеуінің де жағдайы ауыр. Оқыс оқиға түнде болған. Жұмысшылар кәріз құдығын жөндеп жатқан кезде өрт шыққан. Зардап шеккендердің жасы 40-45-терде. Біреуі электродәнекерлеуші, екіншісі слесарь. Қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрған кәсіпорында жұмыс істегендеріне 10 жылдан асқан. Алдын ала болжам бойынша өрт қауіпсіздік техникасын сақтамаудан шыққан. Нақты себебі тексерілу үстінде.

Аслан Мусин, «Өскемен су арнасы» КМК техникалық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Қазіргі кезде қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауысым мастер жұмыстан шеттетілді. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек инспекциясы жазатайым оқиға бойынша тергеу комиссиясын құрып, оқиғаның себебі туралы қорытынды шығарады.

 

Берік КӨШЕРБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу