«Ashyq» мобильдік қосымшаға орай Денсаулық сақтау министрлігінің комментарийі мынадай: қауіпсіз орта құруға, адамдарды вирус жұқтыру және таралу қаупінен қорғауға бағытталған. Маңыздысы - карантиндік шаралар кезеңінде бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Бұл қосымшада QR-код бар, ол тек бизнес субъектілеріне беріледі. Ал нысанға келушіге «Ashyq» мобильдік қосымшасын өз телефонына жүктеп, телефон нөмірі бойынша авторизациядан өту және мекеменің QR-кодын сканерлеу қажет.
Кәсіпкерлер үшін пилоттық жобаға қатысу ерікті болып табылады. Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлерді де, азаматтарды да қосымшаны міндетті түрде қолдануға мәжбүрлемейді.