Коронавирусқа қарсы екпе салдырған 400-дей адамда кері реакция байқалды. Олардың жағдайы тез арада қалыпқа келген. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мәлімдеді. Жалпы вакцина салдырған адамдардың барлығы дәрігерледің қағадалауында. Министрлік вакциналаудан кейінгі мониторинг жүргізу жұмысына ерекше көңіл бөліп отыр. Еске салсақ, елде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау ақпан айынан басталды. Егу ерікті түрде жүрігізілуде. Бүгінге дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасын 59 мыңға жуық адам салдырды. Олардың 18 мыңнан астамы екпенің екінші компонентін де алған.
Айнагүл Қуатбаева, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулықты сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары:Екпе алған адамдардың арасында 415 кері реакция жағдайы тіркеліп отыр. Олардың барлығы - күтілген жағдайлар. 267 жағдайда дененің дел-салдығы мен аздаған қызумен сипатталады. Мұндай жағдайда қандай да бір ем-дом жасаудың қажеті жоқ.
Сондай-ақ, мамандар жүктілікті жоспарлап жүргендерге, міндетті түрде вакцина салдырған дұрыс дейді. Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячаслав Локшин жүктілік кезінде өкпе қабынуы қосылатын болса, онда бұл денсаулыққа үлкен проблема туындатып, тәуекел арта түседі деп отыр.
Ләйлә Дулатқызы