Қазақ екенін дәлелдей алмаған қандастар құжат ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ екенін дәлелдей алмаған қандастар құжат ала алмай жүр

12.03.2021

Қазақ екенін дәлелдей алмаған қандастар құжат ала алмай жүр. Отандастар қорының отырысында осы мәселе көтерілді. Ұйым басшылары Түркия, Ресей, Иран, Ауғанстан мен Пәкістандағы қандастарымыз үшін де бұл жәйт қиындық туғызып отырғанын айтады. Бұл елдерде азаматтардың төлқұжатында ұлты көрсетілмейді. Сондықтан «этникалық қазақ» екенін дәлелдейтін құжатты беру механизмін дұрыс жолға қоймасақ, алдағы уақытта оларды «жоғалтып алу» қаупі туындайды дейді ұйым басшысы. Атамекенге келгісі келетіндердің алдында бюрократиялық кедергілер де аз емес. Азаматтықты алу үшін олар 48 түрлі құжат жинауы керек. Қор жетекшілері бұл жұмысты жеңілдету үшін арнайы комиссия құруды ұсынды.

Мағауия Сарбасов, «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті:
Шетелден елімізге көшкісі келетін қандастарымызға тиісті құжаттар жинақтап қоныстанатын аймағы болуы үшін әкімідіктер жанындағы комиссияға ұсыныстар енгізу үшін шетелдегі консулдарға арнайы өкілеттілік беру керек. 

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу