Байден экономикалық көмек туралы жоспарға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден экономикалық көмек туралы жоспарға қол қойды

12.03.2021

АҚШ президенті Джо Байден экономикалық көмек жоспарына қол қойды. Жәрдем пакетінің құны - 1,9 триллион доллар. Бұл қаражат пандемиядан зардап шеккен америкалықтардың көбіне бір мәрте 1400 доллардан төлеуге және миллиондаған америкалық отбасыға салықтық жеңілдік жасауға жұмсалады.

Құжатты мақұлдай отырып, Байден осы ақшаның Америка экономикасын қалпына келтіріп, жұмысшы және орта тапты қолдайтынына да уәде берді. Мұның алдында Ақ үй басшы биыл шілденің 4-де Құрама Штаттардың коронавирустан да тәуелсіздігін атап өтетініне үміт білдірген еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу