Полиция департаменті мамандарының хабарлауынша, Мұғалжар ауданы Ақкемір кентінің маңында «Honda» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кеткен. Сөйтіп, Темір аудандық ауруханасына тиесілі «УАЗ» автокөлігіне соғылған. Оқиға салдарынан жеңіл көлікте болған 54 жастағы жолаушы қаза тапты.
Ерболат Сарқұлов, полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:«Honda CRV» автокөлігінің жүргізушісі мен «УАЗ» жедел жәрдем автокөлігінің медбикесі ОАА-ға жатқызылды.Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Жақсыбек Кемал