Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Олар Сандықтау ауданының Каменка ауылындағы агротехникалық колледжде 2018 жылдан бері қызмет атқарып келген. Полицияға оқу орнының директоры шағымданған. Тексеріс барысында екі азаматтың да аудандық білім бөліміне жалған құжаттар тапсырғаны әшкереленді. Олар өз кінәларын мойындады. Қазір жалған дипломдардың қайда жасалғаны анықталып жатыр.
Ермек Елберген