Өткен тәулікте коронавирустан 7 адам көз жұмды. 899 адам коронавирус жұқтырған. Жалпы, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 221669-ға жеттi.
Соңғы тәулікте 653 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Қазақстандағы COVID-19-дан жазылып шыққандар саны - 204782. Қайтыс болғандар - 2837.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 18 558 адам ем қабылдап жатыр. 231 науқастың жағдайы ауыр.
Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша бір күнде 65 адам дертке шалдығып, 2 өлім жағдайы тіркелді. Жалпы, 1 тамыздан бері Қазақстанда 49694 адамға пневмония диагнозы қойылды. 44534 адам індеттен жазылып шықты. Қайтыс болғандар саны - 652.