Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осындай дерек келтіріп отыр. Айтуларынша екі ай ішінде екі жүзден астам кәсіпорында тексеріс жүргізілген. Сөйтіп, 2300 адамның маңдай тер ақыларын алмағанын анықтаған. Оларға жұмыс берушілері 856 миллион теңге берешек. Еңбек құқығын сақтамаған бұл мекемелерге 18 миллион теңге айыппұл салынып, жұмысшыларына жалақы төлеу мерзімі белгіленді. Министрлік оның арнайы кестеге сай жүруін бақылаймыз деп отыр.
Досжан Маратұлы