Президент Бағдат Әміреевті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бағдат Әміреевті қабылдады

11.03.2021

Президент Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Кездесуде Түркі кеңесінің халықаралық ұйым ретінде рөлін арттыру жұмыстары, Кеңес қызметінің экономикалық және инвестициялық салалардағы маңызды бағыттары сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев, Кеңестің түркітілдес мемлекеттер арасындағы интеграцияны нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Сондай-ақ, ұйымның экономикалық бағыттағы жұмысын арттыру мақсатында Түркі инвестициялық қорын құрудың маңыздылығын атап өтті.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу