Қызылордада полицейлер вакцина ала бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада полицейлер вакцина ала бастады

11.03.2021

Қызылордада тәртіп сақшылары вакцина ала бастады. Алғашқы күні 60 полиция қызметкері ерікті түрде екпе салдыруға ниет білдірген. 

Жалпы қала бойынша 750-ден аса тәртіп сақшысы бар. Алдымен халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін учаскелік полицейлер мен жол-патрульдік инспекторларға екпе егіледі. Алдыңғы шепте жүретін құқық қорғаушылар жұқпалы кеселдің алдын алудың маңызын түсініп, вакцина салдыруға оң көзқарас танытып отыр.

Сәкен Бөрібаев, қалалық Полиция басқармасы бастығының орынбасары:
Өзім вакцина алып шықтым. Көңіл-күйім жақсы. Жалпы барлық полиция қызметкерлері ерікті түрде жүргізілуіне байланысты келісімдерін берді. Сол себепті бүгіннен бастап, кезек-кезегімен жүргізетін боламыз.

Әділбек Серікұлы


вакцина

Хабарламаларға жазылу