Семейде алтын рудасын ұрлаумен айналысқандарды құрықтау операциясы жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде алтын рудасын ұрлаумен айналысқандарды құрықтау операциясы жүріп жатыр

11.03.2021

Бүгін Семейде алтын рудасын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ мүшелерін құрықтау операциясы жүргізіліп жатыр. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілерде таңертеңнен бері тарала бастады. Бұған қатысты ІІМ ресми ақпарат беруге әлі дайын емес екендіктерін мәлімдеді. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, қалада біраз уақыттан бері «Алел» қаржы инвестициялық компаниясына қарасты кен орнынан түсті металл рудасын заңсыз ұрлап жүрген топ қолға түскен. Олар ай сайын 20 келіден астам алтын рудасын, шамамен, 400 млн теңгеге бағаланатын кенді қолды қылып отырған. Іске қаладағы полицияның басқармасының бірқатар лауазымды қызметкерлерінің қатысы болуы мүмкін деген ақпар да бар. Желіде олардың аты- жөндері мен кейбірінің фотосуреттері көрсетілген.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу