ШҚО-да коронавирустан айыққандарға арналған оңалту орталықтар жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да коронавирустан айыққандарға арналған оңалту орталықтар жұмыс істеп жатыр

11.03.2021

Шығыс Қазақстанда пандемия басталғалы бір жылға жуық уақыттың ішінде коронавирустан 20300-ден астам адам жазылып шыққан. Қазір облыста індеттен сауыққандарды оңалтатын орталықтар жұмыс істеуде. Екеуі Семейде іске қосылған. Бір мезетте 200 адамға дейін қабылдап, ем жүргізетін мекемелердің жұмыс істей бастағанына 4-ші ай. Қазір онда Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан, қалаларынан емделушілер келіп жатыр. Олар үшін орталықтарда өкпе мен тыныс алу жолдарын қалыпқа келтіретін ем түрлері тегін.

Зауреш Елеуқызы, Семей қаласының тұрғыны:
Мен өзім жазда коронавируспен ауырдым. 45 пайыз өкпе кетті. Ентікпе. Қазір жөтелім азайды.
Валентина Голованева, реабилитолог-дәрігер:
Бізге пневмонияның ауыр түрімен ауырып, ем қабылдап шыққандар да келеді. Короновирустан кейінгі оңалтуға арналған мына орталық 150 адамға арналған. Қазір арнай бағдарлама бойынша 30-дан астам емделуші оңалтудан өтіп жатыр.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу