Ресейлік арзан көлікке қызыққандар алаяқтардың қақпанына түсті. Павлодарлық тәртіп сақшылары бірде-бір көлік сатпай-ақ қыруар ақша тапқан 2 адамды ұстады. Күдіктілер сайтқа жарияланған көліктердің суретін жиып алып, саудаға шығара берген. Олар осылай жұртты бір жыл бойы алдаған. Дерекке қарағанда алдын ала төлем жасап, көлікті де, сатушысын да таппай опық жегендердің саны 300-ге жуықтайды. Сервистік орталыққа бармай-ақ жөндеп алуға қолайлы «Лада» көлігін аламыз деп алданғандардың дені жастар мен егде адамдар.
Жасқайрат Қайыров, Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:250-400 мыңға арзандау сатқан. Олар Kaspi Gold-қа ақшаны алдын ала алады. Бірақ Kaspi Gold-ты басқа адамдардың атына тіркеп, ақша түске соң сол абоненттік номерді лақтырып тастайды. Қазір сол күдіктілер ұсталынды.
Болат Аманбаев