Мемлекеттік аудит екі айда 23 млрд теңгеге заңбұзушылықты анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік аудит екі айда 23 млрд теңгеге заңбұзушылықты анықтады

11.03.2021
Мемлекеттік аудит екі айда 23 млрд теңгеге заңбұзушылықты анықтады

Соңғы екі айда мемлекеттік аудит 23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықты анықтады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. 

«Биылғы екі айда камералдық бақылаумен сомасы 2,3 трлн теңгеге 213 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысында 6153 рәсім бойынша бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 5601 хабарламаны орындады. 

491 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудитпен 237 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. Сомасы 23 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды», - деді министр.


Үкімет аудит

Хабарламаларға жазылу