«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алматы жастары» бағдарламасына өтініш қабылдау басталды

10.03.2021

Алматыда жеңілдетілген несиемен баспана алуға мүмкіндік беретін «Алматы жастары» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталды. Жобаға денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт салаларында еңбек ететін 35 жасқа дейінгі мамандар қатыса алады. Өтініш сайт арқылы беріледі. Несиелендіру көлемі былтыр 13 миллион теңге болса, биыл 18 миллион теңгеге дейін артты. Алғашқы жарна – 10 процент. Ал несие 5 пайыздық мөлшерлемемен беріледі. Биыл бағдарлама аясында жас мамандарға 1000 пәтер беру жоспарланған.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу