Ресейде оқитын қазақстандық студенттер емтиханды қашықтан тапсыра алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде оқитын қазақстандық студенттер емтиханды қашықтан тапсыра алады

10.03.2021

Көрші елдің үкіметі ресейлік ЖОО-на Бірыңғай биометриялық жүйе көмегімен онлайн форматта аралық аттестаттауды өткізуге рұқсат ететін қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес бұл формат бакалавриат, специалитет пен магистратура бағдарламалары бойынша оқып жатқан тәлімгерлерге арналған. Ол үшін студенттер Бірыңғай биометриялық жүйеге тіркелуі тиіс. Демек, емтихан басталар алдында олар прокторинг процесінен өтеді. Яғни камера алдында кездейсоқ сандар тізбегін айтады.Ал жүйе камера алдындағы адамның іс-әрекетін бағалап, оны тұлға ретінде растайды.Бұл мәлімет университетке жолданады.

Нұрболат Андасов, Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесшісі:
Қазір Ресей Федерациясының аумағында 66 мың 932 қазақстандық студент білім алуда. Эпидемологиялық жағдайға байланысты Ресейде 60 пайыз студентіміз оқып жатыр, қалғаны қашықтан білім алуда.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу