Қытайға тауар экспорттаушылар Үкіметтен көмек сұрап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайға тауар экспорттаушылар Үкіметтен көмек сұрап отыр

10.03.2021

Қытайға тауар экспорттаушылар мәселесі әлі шешілер емес. Бүгін бір топ кәсіпкер көмек сұрап, Үкіметке хат жолдады. Көрші ел халықаралық келісімді сақтамай әрі карантиндік шектеулерді жеңілдетпей, жүктерді әзер қабылдап жатыр дейді олар. Мәселен, жыл басынан бері Қытайға тауар тасымалының жоспары жартылай ғана орындалған.

Ал еліміз керісінше жоспардан көп жүк қабылдаған. Соның кесірінен  «Нұр жолы» бекетінде жүздеген көлік, ал «Достық» станциясында 12 мыңнан астам вагон қаңтарылып тұр. Шығынға батқан бизнесмендер Қытай нарығынан біржола айырылып қалуымыз мүмкін деп қауіптенеді

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу