«Қазақалтын» акционерлік қоғамының есеп-шотынан 1 жарым миллиард теңгені ұрлаған күдікті ұсталды. Күдікті ретінде бірден кәсіпорынның 37 жасар қызметкері іздестірілген болатын. Ол Нұр-Сұлтан қаласында қолға түсті. Сондай-ақ, оның күйеуі де құрықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Құқық қорғаушылар қаржыны қайтару бойынша шаралар қолдануда.
Ермек Елберген