Армения әскері бас штабының жетекшісі отставкаға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Армения әскері бас штабының жетекшісі отставкаға кетті

10.03.2021

Армения әскері Бас штабының жетекшісі Оник Гаспарянды отставкаға жіберу туралы бұйрық күшіне енді. Мұны премьер-министр Никол Пашинян мәлімдеді. Үкімет басшысы оны екі апта бұрын әскери төңкеріс жасауға әрекеттенді деп қызметтен аластатқан еді. Содан кейін армияның жоғары лауазымды өкілдері шеру ұйымдастырып, Пашинянның отставкаға кетуін талап етті. Ереванда осындай акция полициямен қақтығысқа ұласты. Демонстранттардың сөзінше, Пашинян Таулы Қарабақты Әзербайжанға қайтарған бейбіт келісімге қол қойғаны үшін үкіметті басқармауы керек. Алайда премьер Бакумен, Мәскеумен жасалған сол пәтуа үшін мойнына жауапкершілік алғанымен, орнын босатудан бас тартып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу