Елордада 30 мұғалім ерікті түрде екпе салдырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада 30 мұғалім ерікті түрде екпе салдырды

10.03.2021

Елордада мұғалімдерді вакциналау жалғасып жатыр. Бүгін №78 мектеп-гимназиясының 30 мұғалімі екпе салдырды. Енді олар 21 күннен соң препаратты қайта қабылдайды. Егуден бұрын бәрінен сауалнама алынып, медициналық тексерістен өткен. Препараттан болатын түрлі асқынулар мен кері әсері де түсіндірілді.

Жалпы, ел бойынша педагогтарға екпе салу 1 наурызда басталған еді. 

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу