Қырғызстанмен жаңа келісім заңсыз көші-қонды азайтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғызстанмен жаңа келісім заңсыз көші-қонды азайтады

10.03.2021

Қырғызстанмен арадағы заңсыз көші-қонды азайтуға басымдық беріледі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар тиісті заң жобасын мақұладады. Құжатқа сәйкес, азаматтық туралы ақпарат алмасуға және заңсыз көші-қонмен күресуге жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Екі ел үкіметтері тәжірибе алмасып, бір-біріне көмек көрсетеді. Ақпарат алмасуда оның құпиялылығы сақталады. 

Айта кетерлігі, өткен жылы елімізге Қырғызстаннан 281 мыңнан астам адам келген. Ал Қазақстаннан көрші мемлекетке 175 мыңдай азамат барған.  

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
Қазақстан мен Қырғызстан азаматтарының құқықтық мәртебесі анықталады. Көші-қон саласындағы қылмыстармен күресіп, заңсыз каналдарды жоюға мүмкіндік береді. Қырғыз Парламенті келісімді 2021-жылы 17 ақпанда бекітті.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу