Қазақстандық көліктер Беларуське экспортталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық көліктер Беларуське экспортталмақ

09.03.2021

Қазақстанда құрастырылған көліктер енді Беларуське де экспортталмақ. Ол Алматыда шығарылатын Hyundai автокөліктері. Экспорт осы айда басталуы тиіс. Жалпы корейлік көліктерді құрастыратын концернде биыл 30 мың машина шығару жоспарланған. Оның 20 мыңы ішкі нарыққа, 10 мыңы экспортқа. Оның біразы Өзбекстанға да тасымалданбақ. Былтыр онда үш жарым мың машина экспортталған. Бұған дейін елімізде KIA көліктері де құрастырала бастайтыны айтылған. Ол Қостанайдағы машина жасау зауытында шығарылады. Бірақ нақты мерзімдері әзірге айтылмай отыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу