Алматыда суық қару тасымалдаған 19 жолаушы қылмыстық жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда суық қару тасымалдаған 19 жолаушы қылмыстық жауапқа тартылды

09.03.2021

139 түрлі қару-жарақ пен 312 бірлік оқ-дәрі. Былтыр Алматы әуежайының қызметкерлері полициямен бірігіп тасымалдауға тыйым салынған осыншама қауіпті затты тауып, тәркіледі. Соңғы уақытта жолаушылардың қару-жарақ тасымалдаудағы құқық бұзушылығы күрт өскен. Мәселен, 2020 жылы 69 адам, жыл басынан бері 19 жолаушы қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 130 жолаушыға айыппұл салынған. Тұрғындар суық қаруды тасымалдау ережелерін ескерсе дейді әуежай қызметкерлері. 

Ислам Қуандық, әуежайдағы желілік полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары:  
Жолаушыларды бөтен адамдардан сәлемдеме алмауға шақырамыз. Ішінде не барын білмеуіңіз де мүмкін. Ал қауіпті зат бола қалса, жауапкершілік жолаушының өзіне жүктеледі. әуежайда тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізімі бар. Азаматтар ережелерді ескерсе дейміз.

Хабарламаларға жазылу